Алматының Аюсай шатқалында ата-анасымен серуендеу кезінде жоғалып кеткен 2015 жылы туған бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Оқиға шамамен 2000 метр биіктікте болған. Баланы іздеуге 160-қа жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, орманшылар, еріктілер, әскери қызметшілер және басқа да мамандар бар.
Іздеу жұмыстарына кинологтар, дрондар және ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» авиациясы тартылды.
Құтқарушылар мен еріктілерден құралған топтар Аюсай шатқалының 6 шақырымнан астам аумағын және Үлкен Алматы өзенінің арнасын тексерді. Іздеу жұмыстары жерден де, әуеден де жүргізілді.
Нәтижесінде баланы құтқарушылар мен еріктілерден құралған бірлескен топ тауып алды.