Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды

Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды

Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Саяжай массивтерінде инфекцияны жұқтырудың 9 жағдайы тіркелген. 

«COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» карантинге жабылды.

Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі», - делінген ақпаратта.

Атап өтілгендей, осыған орай Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылуда.