Freedom Inside '26

Ақтөбеде әкесі баласын көлігімен қағып кетті

Ақтөбеде әкесі баласын көлігімен қағып кетті


Ақтөбеде бір жасар бала көлік астына түсіп қалды. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаладағы бау-бақша ұжымдарының бірінде жазатайым оқиға тіркелді. Әкесі баласын көлігімен қағып кетті. 

«48 жастағы ақтөбелік өз үйінің ауласында тұрған «Opel Astra» автокөлігін айдап, 2020 жылы туған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала бас-ми жарақатын алды. Шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жолда, әсіресе аулада қырағы болуды сұрайды. Көліктің артында ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізу керек. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды көлік жүретін жолда ойнатпаңыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.