Әлеуметтік желіде анасының аулада спортпен шұғылданып, бокс қапшығын ұрып жатқан ұлын видеоға түсірген сәті тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Кадрлар желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, әртүрлі пікір туғызды.
Видеода әйел адамның баласына айтқан сөзі анық естіледі:
«И, жаным, әкең сияқты сүмелек болмашы».
Бұл сөздер әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, ата-ананың бала тәрбиесіндегі айтылған әрбір сөздің психологиялық әсері мен жауапкершілігі жөнінде пікірталасқа себеп болды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай сөздер баланың өзін-өзі бағалауына кері әсер етуі мүмкін екенін айтса, енді біреулері жағдайды тұрмыстық эмоциямен байланыстырып, әр отбасыда болатын сәт ретінде бағалады.