Айжан Аймағанова жұмыстан шықты

Айжан Аймағанова жұмыстан шықты
Фото: әлеуметтік желі

Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті, деп хабарлайды ult.kz.

"Депутаттыққа кандидат болып ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан жұмыстан шықтым. Бұл – заңның талабы, мен оны толық орындадым", - деп жазды ол.

Ол «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Прокурор Айжан Аймағанова 2024 жылы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты өткен сот процесі кезінде көпшілікке танылды. Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.