«Айлығым әйелімде»: Маңғыстау облысының әкімі алимент төлеп жүр ме?

«Айлығым әйелімде»: Маңғыстау облысының әкімі алимент төлеп жүр ме?
Фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Адырна ұлттық порталының YouTube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол сұхбатта балалық шағы, теміржол саласындағы еңбек жолы, отбасы мен өмірлік ұстанымдары туралы айтты. 

Әкім 1 млн 900 мың теңге жалақы алады екен. Алайда жалақының бір бөлігі алиментке, қалған бөлігі әйелінде болатын көрінеді.

«Менің мансабым жоқ кезде үйленген келіншегім, барлығына шыдады. Үйге қонақ келсе көрпесі төсеулі, дастарханы жаюлы болады. Әкім болуым Құдай берген бақ шығар. Әйтпесе менен де білімді, ақылды, сауатты жігіттер көп. Картам әйелімде. Жұмыста жүрген ер адам үйдің затын ала-алмайды ғой», - дейді әкім. 

Сонымен қатар әкім өңірдегі жұмыссыздық, ауыз су тапшылығы, денсаулық сақтау, туризм, Каспий теңізінің жағдайы және әлеуметтік желідегі түрлі пікірлерге қатысты сауалдарға жауап береді.