Ер адам Lada көлігін 200 км/сағ жылдамдыққа дейін үдетпек болған. Алайда көлік ішінде кенеттен түтін пайда болып, жүргізушінің аяғы тұсында бір нәрсе жарылған, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиғадан кейін ер адамның аяғы ауыр жарақаттанған. Оның айтуынша, аяқтың бір бөлігі қатты күйіп қалған.
Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Желіде тараған кадрларда көліктің ішінен түтін шығып, жүргізушінің жарақат алғаны көрінеді.