Абай Бегейдің әйелі тойда күтпеген бағалы сыйлық ұтып алды

Абай Бегейдің әйелі тойда күтпеген бағалы сыйлық ұтып алды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова Алматыда өткен тойлардың бірінде бағалы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды ult.kz.

Кеш барысында ұйымдастырушылар ерлі-зайыптыны ортаға шақырып, Фаризаға iPhone 18 Pro Max смартфонын табыстаған. Күтпеген олжаға қуанған әншінің жұбайы жиналған жұртқа алғыс айтып, ақ тілегін арнады.

"Жандарым, баршаңызға рақмет! Алла разы болсын. Алла ниеттеріңізге қарай сіздерге де үйіп-төгіп берсінші", – деді Фариза Жуманова.

Осылайша, тойға қонақ болып барған Фариза кештен бағалы сыйлықпен қайтты.

Айта кетейік, 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы көптің сұрағына жауап берді. 

Абай Бегей кім?

Абай Бегей – қазақстандық эстрада әншісі. Көпшілікке «Аспанға қараймын» әнімен кеңінен танылған. Бұл туынды оның шығармашылығындағы ең танымал әндердің біріне айналды. 

Өнер иесі 2018 жылы Фариза Жумановаға үйленген. Ерлі-зайыптының үйлену тойы Алматыда өтті. Фариза әншіден 16 жас кіші. 2026 жылдың наурызында Абай Бегейдің сегізінші рет әке атанғаны хабарланды.