89 жастағы әже 20 жыл көрмеген бауырларымен қауышты

89 жастағы әже 20 жыл көрмеген бауырларымен қауышты
Фото: ult.kz

Желіде 89 жастағы қазақ әжесінің Қытайда қалған туған-туыстарымен қауышқан әсерлі видеосы кең тарады. Көпшіліктің жүрегін елжіреткен бұл оқиғаның артында ондаған жылға созылған сағыныш жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

1959 жылы небәрі 22 жастағы бойжеткен Қазақстанға қоныс аударған. Алайда құжат мәселесіне байланысты оның жақындары шекараның арғы бетінде қалып қойған. Содан бері тағдыр айырған туыстар бір-бірін тек сағынышпен еске алып келген.

Араға ұзақ жылдар салып, 89 жасқа келген кейуана өміріндегі ең үлкен арманына қол жеткізді. Ол Қытайға арнайы барып, туған бауырларымен қайта қауышты.

20 жыл бойы бір-бірін көрмеген жандардың көз жасына ерік берген сәті желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Әсерлі видео астында жұрт ақ тілегін жаудырып, «Туғаннан артық ештеңе жоқ», «Ғұмырлы кездесу болыпты» деген пікірлер қалдыруда.