Freedom Inside '26

577,5 миллиард теңге: «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр

577,5 миллиард теңге: «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр
Ақорда

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды ult.kz. 

Өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткен. Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. 

Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты. 

Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. 

Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. 

Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.