28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik

28 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ult.kz.

Алайда еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстікте түнгі уақытта нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Алматыда 28 тамызда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы болжанады. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, күндіз +31…+33°C болады. Жел шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. 

Астанада күн бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Синоптиктер сондай-ақ бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болатынын ескертті. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және бірқатар басқа өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.