Қазақстандық пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев V Азия Пара ойындарында топ жарып, құрлықтық жарыстың екі дүркін чемпионы атанды. Ол 192 келі салмақты көтеріп, ойындардың жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды ult.kz.
Төрт жыл бұрын өткен жарыста 186 келіні бағындырып, алтын медаль иеленген спортшы бұл жолы өз нәтижесін тағы 6 келіге жақсартты. Осылайша, Дегтярев Азия Пара ойындарындағы чемпиондық атағын қайта дәлелдеді.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Давид Дегтярев бұған дейін үш дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанған. Сондай-ақ 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған.
Биылғы Азия Пара ойындары Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық спортшының жаңа рекорды ел қоржынына тағы бір жарқын жеңіс қосты.