19 жаста көз жұмған келіншектің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты

19 жаста көз жұмған келіншектің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты
Коллаж: ult.kz

Меркіде көз жұмған жас келіннің қазасына қатысты тағы бірнеше көрші пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Мадина Рашидқызы туралы ауылдағы көршісі сөз қозғады. Видеоны журналист Айгерім Таубай жариялады.

«Екеуі қол ұстасып-ақ жүрген. Келіннің құрбысы келіп, қонып жүрді. Содан келіннің мінезі, түрі басқаша бола бастады. Еліктеді ме… Бала тапса да балалығын қоймаған жас келін ғой», - деді ол. 

Айта кетейік, Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мадина Өзбекстан азаматы болған. Ол Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып, Меркі ауданында күйеуімен бірге шамамен екі жыл тұрған. Артында сегіз айлық сәбиі қалған. 

Бұған дейін марқұмның құрбысына жазған хабарламалары жарияланған еді. Онда Мадина күйеуімен жиі жанжалдасатынын, тіпті оның қол көтергенін айтқан. Соңғы жанжалдың бір «Барни» тәттісіне байланысты болғанын жазған. Кейін ол заттарын жинап, күйеуінен кетіп, ажырасқысы келетінін құрбысына жеткізген. 

Мадинаның өліміне қатысты Жамбыл облысының полициясы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Алайда марқұмның туыстары оның өліміне күмән келтіріп, істі жан-жақты тексеруді талап етіп отыр. 

Әлеуметтік желіде Мадинаның күйеуі тарапынан зорлық-зомбылық болғаны туралы түрлі мәліметтер тарағанымен, олардың бірқатары әзірге ресми түрде расталған жоқ. Сондықтан оқиғаның нақты мән-жайы мен өлім себебі тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс.