16 жастағы қызы анасының мәйітін тапқан: Атыраудағы қанды қылмыс сотқа жетті

16 жастағы қызы анасының мәйітін тапқан: Атыраудағы қанды қылмыс сотқа жетті
Пышақтап кеткен. Шымкенттік түнгі клубта төбелес болды

Атырауда үш жасар қызының көзінше әйелді пышақтап өлтірді деген күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. 42 жастағы төрт баланың анасының өліміне қатысты алғашқы сот отырысы 2 қыркүйекке белгіленді, деп хабарлайды ult.kz.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Алғашқы сот отырысы 2 қыркүйек сағат 15:00-де өтеді.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 22 шілдесінде болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, оған бірнеше жарақат салған. Ең сорақысы — қылмыс кезінде марқұмның үш жасар қызы да үйде болған.

Қайғылы оқиғадан кейін кішкентай қыз анасының денесінің жанында жалғыз қалған. Оларды келесі күні үйге келген 16 жастағы үлкен қызы тапқан.

Күдікті қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай ұсталып, қамауға алынған. Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы — аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру бойынша айып тағылып отыр.

Айыпталушының кінәсі сотта дәлелденуі тиіс. Күдікті — марқұмның азаматтық некедегі жұбайы.