13 өңірде тағы 161 адам коронавирустан айықты

13 өңірде тағы 161 адам коронавирустан айықты

Еліміздің 13 өңірінде тағы 161 адам коронавирус инфекциясынан жазылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 41, Алматы қаласында - 23, Шымкент қаласында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Алматы облысында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 19, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 8, Қызылорда облысында - 26, Жамбыл облысында - 10, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында 5 адам дертінен айыққан. 

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус 13872 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 8829. 68 науқас қайтыс болды.