Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрстіп жатқан Ғалымжан Өсербаев молдавиялық балуан Евгений Недялкодан айласын асырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Іріктеу сайысында Ғалымжан молдавиялық қарсыласын 11:2 есебімен ұтты. Осылайша, жерлесіміз 1/8 финалға жолдама алды. Ал 57 келіге дейінгі салмақта белдесетін Нұрислам Санаев алғашқы айналымда грузиялық Владимир Хинчегашвилиден жеңіліп қалды. Енді, Хинчегашвили финалға шыға алса, қазақ балуаны жұбаныш белдесуге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, осы жекпе-жектен кейін 75 келіген дейінгі салмақта қазақстандық Гүзел Манюрова финалда алтын үшін таласып, канадалық Эрика Уибеге жол беріп қойды. Бұған дейін 69 келідегі Эльмира Сыздықова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын. Ал Гүзел Манюрова күміс медалін қанағат тұтты.