Алмат Кебіспаев ширек финалға шыға алмады

Алмат Кебіспаев ширек финалға шыға алмады

"Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 59 келіде ел намысын қорғаған Алмат Кебіспаев 1/8 финалда жапондық Шинобу Отадан ұтылып қалды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

28 жастағы қазақстандық балуан 1/8 финалда 22 жастағы жапон Шинобу Отамен кездесті. Ол алғашқы алты дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы ирандық Хамид Сорианды жеңіп кеткен болатын.

Айта кетейік, Алмат алғашқы айналымда 4:0 есебімен ресейлік Ибрагим Лабазановты жеңген еді.

Кебіспаев енді жапонның финалға шыққанын күтеді. Сол кезде жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ұлт порталы