Иван Дычко техникалық нокаудпен жеңіске жетті

Иван Дычко техникалық нокаудпен жеңіске жетті


"Бокстан Азия чемпионы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, аса ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко Олимпиададағы алғашқы кездесуінде өзінің әккі қарсыласымен жолығып, техникалық нокаудпен жеңіске жетті", - деп жазады Ұлт.кз тілшісі.

Отандасымыз әзірбайжаннан келген Магомедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаудпен ұтты.

Біздің анықтама:
Иван Федорович Дычко
Туған күні: 11.08.1990
Туған жері: Қостанай облысы, Рудный қаласы
Бапкері: Шайрер Владимир Иванович, Мұқышев Сапобек Мырзағалиевич
Жетістіктері: 
  • 2009, 2010, 2011 жылдары бокстан Қазақстан чемпионы
  • 2008 жылы — Жастар арасында Әлем чемпионатында екінші орын иелеген
  • 2010 жылы — Гуанчжоуда(Қытай) өткен бокс бойынша ХVI Азия ойындарының күміс жүлдегері
  • 2011 жылы — Бакуда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлде иегері болып, 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды.
2008, 2009, 2010 жылдары Қостанай облысының ең үздік он спортшысы қатарына кірген. 2011 жылы Қостанай облысының ең үздік спортшысы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.