Василий Левит Рио Олимпиадасының финалына шықты

Василий Левит Рио Олимпиадасының финалына шықты

"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Василий Левит жартылай финалда жеңіске жетті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Кубалық Эрисланди Савонмен өткен кездесуде есеп 2-1 болып, жекпе-жек біздің боксшының пайдасына шешілді. Нәтижесінде отандасымыз Рио Олимпиадасының финалына шықты.

Финалда ол Ресейдің намысын қорғайтын былғары қолғап шебері Евгений Тищенкомен кездеседі.

Василий Левит Бүкіләлемдік бокс сериясының «Астана арларндары» құрамында өнер көрсетіп, «Аргентина кондорспен» болған кездесуде қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, соның нәтижесінде ол WSB-дің жеке рейтингтік көрсеткіші бойынша тұрақты маусымда бірінші орын алды. Сөйтіп, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына берілер жолдаманы иемденген.

Туған күні/жылы: 24.02.1988

Туған жері: Қостанай облысы

Салмағы: 91 келі

Жетістіктері:

2009, 2011 жылдары Қазақстан чемпионы;

2009 жылы Азия чемпионы;

Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

 

Ұлт порталы