"Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін баһадүріміз Әділбек Ниязымбетов белорус спортшысы Михаил Долголевецті айқын басымдылықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
Ниязымбетов үш раунд бойы қарсыласынан деңгейі жоғары екенін байқатты. Өзінің соққыларын діттеген жеріне дөп тигізіп отырған ол аса қиналмай жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:0 (30:27, 30:27, 29:28). Кездесу жерлесіміздің пайдасына шешілді.
Біздің анықтама:
Туған күні: 19.05.1989
Салмағы: 81 келі
Туған жері: Маңғыстау облысы
Бапкері: Жәкиев Марат Исағалиұлы
Жетістіктері:
2011 жылы – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
2013 жылы - Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
2013 жылы - Чехияда бокстан өткен "Гран При" бәсекесінің жеңімпазы;
2013 жылы - XXX жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
2014 жылы - Азия ойындарының жеңімпазы;
Спорттағы дәрежесі - Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері һәм халықаралық дәрежедегі спорт шебері.