Берік Әбдірахманов: Өзім жеңілсем де, өзге әріптестеріме жеңіс тілеймін

 Берік Әбдірахманов: Өзім жеңілсем де, өзге әріптестеріме жеңіс тілеймін

"Өзім жеңілсем де, өзге әріптестеріме жеңіс тілеймін. Бұл туралы боксшы Берік Әбдірахманов Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім етті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

"Өзім жеңілсем де, өзге әріптестеріме жеңіс тілеймін. Әлі қыздардан бөлек тоғыз боксшымыз рингке көтеріледі. Мен жетпеген биікті солар бағындырады деп сенем", - деп атап өтті Әбдірахманов.

Өзінің жекпе-жегіне байланысты тағы да бірқатар сұрақтар қойған едік. Берік: "Жарысты өздеріңіз көрдіңіздер! Жеңуге тырыстым. Бірақ, ойлағанымдай болмады. Қарсыласым Олимпиадаға өте мықты дайындықпен келіпті. Ұтылдым", - деп әңгімесін қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Олимпиаданың бірінші күні қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов  алғашқы кездесуінде, АҚШ спортшысы Карлос Баль Дерастен ұтылып қалған болатын.

Ұлт порталы