25 жыл бұрын қала халқын үрейде ұстаған Валерий Кричиневскийдің қолынан 10-нан астам адам қаза тапқан. Кезінде «балта ұстаған маньяк» атанған ол құрбандарын зорлап, өлтіріп отырған, деп хабарлайды ult.kz.
Оның бұған дейінгі соңғы құрбаны 7 жасар қыз болатын. Қаскөй бүлдіршінді теміржол бойында аяусыз өлтіріп, тонынан өзіне тәпішке тігіп алған.
2024 жылы бостандыққа шыққан ол әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрып, электронды білезік тағып жүріпті. Алайда арада екі жыл өткенде, саяжайдан келе жатқан 54 жастағы әйелге тап берген. Жәбірленуші жақын маңнан өтіп бара жатқан адамды көріп, айқайлап көмек шақырудың арқасында қашып құтылды.
СҚО полиция департаменті 62 жастағы күдіктінің ізін суытпай ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.