30 қаң, 2026 сағат 12:44

Шымкент қаласындағы балабақшалар ескертусіз тексеріледі

Фото: Gov.kz

1 ақпаннан бастап Қазақстанда балабақшаларға бақылау күшейтіледі. Енді барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары алдын ала ескертусіз тексеріледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Тексеру кезінде балалардың қауіпсіздігі, тәрбие беру деңгейі, санитарлық жағдай және тамақтану сапасына ерекше мән беріледі. 

Соңғы уақытта балабақшаларға қатысты қоғамда түрлі мәселелердің көтерілуі бақылау тетігін қайта қарау қажеттігін көрсетті.