28 қаң, 2026 сағат 11:56

Екібастұзда 17 жастағы бозбала мен бойжеткен араға екі күн салып өздеріне қол жұмсаған

Фото: iStock

Павлодар облысы полициясының хабарлауынша, екі суицид бойынша қылмастық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде белгілі болады.

Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева 2008 жылы туған жасөспірімдердің бұрын бір сыныпта оқығанын және бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын айтты.

«Жігіт Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған. Екі жасөспірім де жағдайы жақсы отбасыдан шыққан. Екеуін де туыстары үйлерінен тапқан»,- деді Сәуле Шәкенева.


Оның сөзінше, жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелерінде буллинг болмағаны анықталды. 

Әлеуметтік желіде жігіттің қазасынан кейін араға екі күн салып қыздың өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.