#
#
Жұма 25/05/2018

Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті (Видео)

  • 12.05.2018
  • 0
  • 9796

Қазақстанда ет жеуден жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқау Ұлытауда "Көкмайса-2018" бірінші этнофестивалі аясында болды.

Жарысқа бес адам қатысты, олар еліміздің әр өңірінен - Маңғыстау, Шымкент, Жезқазған және Ұлытау. Қатысушылар бес минуттың ішінде табақтағы қойдың етін тауысуға міндеттелді. 


Жарыстың жеңімпазы - 25 жастағы жезқазғандық жігіт Бекзат Жармағамбет. Бірінші орыны үшін ол 30 мың теңге, екінші орындағы ұлытаулық қатысушы 20 мың теңге алды, ал үшінші орын шымкенттік қонаққа бұйырды.


Осыдан кейін қымыз ішуден жарыс өтті. Жарыстың бұл түрінде бірінші орынды Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тұрғыны Алмас Бимағамбет иеленді. Ол тоқтамай 4,3 литр қымыз ішті.

"Көкмайса-2018" этнофестивалі тұңғыш рет Ұлытауда 6-9 мамыр аралығында өтті. Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың бастамасын қолдаған жергілікті әкімдіктің қолдауымен өткен фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген 1500-2000 жуық адам қатысып, үш-төрт күн бойы көшпенді халық ғұрпымен танысып, ыстық суығын бастан кешірді. Осы шараға қонақ болып келгендер қатарында Мұрат Әбенов, Жәния Әубәкірова, Мұхтар Тайжан сынды танымал адамдар болды. Фестивальдің бірінші күнінде келген қонақтар жергілікті халықтың тіккен киіз үйлерінде, өздерімен алып келген шатырларында, автокемперлерде қоныстанды.

Көрмеге қойылған қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысқан жұрт, қазақтың жат болып бара жатқан ұлттық ойындарын (Мешкейлер жарысы, Қымыз ішу жарысы, Қатын күрес) тамашалап қана қоймай, өздері де қатысып, жүлделі орын үшін таласты. Этнофестиваль қонақтары Ұлытау жеріндегі Ер Едіге би мен Тоқтамыс ханның жерленген тау шыңына шығып, Алашахан, Жошыхан және Домбауыл кесенелерін аралады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар