04 нау, 2017 сағат 18:38

Димаш 7-кезеңде "Дайдидауды" орындады (видео)

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Бұл кезеңде Димаш Құдайберген 3-орын алды. Бастапқыда "Адай" күйін тартып, кейін қазақтың халық әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқады. Олар - Қазақ Ұлттық Өнер академиясында әншімен бірге оқитын студент достары. 

"Дайдидауды" Димаштың төлқұжатына айналған ән десе де болады. Бұл байқауға дейін ол осы әнмен Халықаралық "Славян базары" байқауында бас жүлдені иеленген еді. 

Естеріңізге сала кетейік, 8-кезең келесі сенбі, 11 наурыз күні көрсетіледі. Димаш бұл кезеңде Хан Хунның "Таң атты" әнін орындап, 5 орын алды.