Фото: Википедия
Еуропаның Оңтүстік обсерваториясы ғалымдары бұрын-соңды тіркелген ең күшті желдер соғатын газ алыбын анықтады — WASP-127b. Бұл планетадағы желдің жылдамдығы сағатына 33 мың км-ге дейін жетеді. Бұл — Жер де, Күн жүйесіндегі кез келген планета да көрмеген рекорд.
WASP-127b қандай планета?
Юпитерден сәл үлкен, бірақ өте жеңіл — сондықтан "алып" көрінеді. Желдері планетаның өз айналымынан 6 есе жылдам. Салыстырмалы түрде: Күн жүйесіндегі ең жылдам жел Нептунда — бар болғаны 1,8 мың км/сағ.
Зерттеу Чилидегі «Өте Үлкен Телескоптағы» CRIRES+ спектрографымен жүргізілген. Ғалымдар жұлдыздың жарығы планетаның атмосферасынан өткен кезде оның химиялық құрамын зерттеп, осындай жойқын ауа ағындарын анықтаған.
Төмендегі видео — WASP-127b желдерінің суретші жасаған визуализациясы.
