26 қар, 2025 сағат 11:42

Жамбыл облысында сәби өлімінен кейін қызметтік тексеру басталды

Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған шақалақтың көз жұмуынан кейін қызметтік тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Жүктіліктің 41-аптасында түскен әйел 4,4 келі болатын алтыншы сәбиінен айырылған. Туыстары дәрігерлер кесарь тілігін кеш жасады деп отыр. Салдарынан 35 жастағы әйелдің жатырын алып тастауға тура келген.

Марқұмның жақындары акушер босанар алдында 20 мың теңге сұрағанын айтады. Осыдан кейін перзентхана алдында шу шыққан.

Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.