Орындықтарды уқалау және желдету функциялары, аяққа арналған тірегі бар алдыңғы жолаушы орындығы, кең салон және жүргізушіге көмектесетін электрондық жүйелер — BAIC X7 күнделікті сапарлар мен отбасылық саяхаттардағы жайлылыққа басымдық береді.
Қазақстанда кроссовер үш түрлі жинақтамада ұсынылады. Бағасы — 9 990 000 теңгеден басталады.
Жайлылық кеңістіктен басталады
Отбасылық көлік таңдағанда көбіне қозғалтқыштың сипаттамаларына, жанармай шығынына және жүргізуші орнының жабдықталуына назар аударылады.
Алайда күнделікті пайдалану кезінде жолаушылардың жайлылығы да маңызды рөл атқарады. Әсіресе көлік балалармен бірге жүруге, қалааралық сапарларға немесе жолда ұзақ уақыт өткізуге пайдаланылса, бұл мәселенің маңызы арта түседі.
BAIC X7 моделінде қолданылған инженерлік шешімдер эргономика мен практикалық қолайлылыққа бағытталған.

Фото: Allur
- Өлшемдері мен салоны: BAIC X7 көлігінің доңғалақ базасы 2800 мм-ді құрайды. Бұл салонның артқы қатарындағы жолаушыларға жеткілікті кеңістік қамтамасыз етеді. Әсіресе ұзақ сапарларда жолаушылардың ыңғайлы орналасуы жол үстіндегі жайлылыққа тікелей әсер етеді.
- Басқару интерфейстері мен мультимедиа: Алдыңғы панельде әрқайсысының диагоналі 12,3 дюйм болатын екі экраннан тұратын бірыңғай консоль орнатылған. Оның бірі аспаптар панелінің, екіншісі мультимедиа жүйесінің қызметін атқарады. Сонымен қатар климат-бақылау жүйесін басқаруға арналған жеке сенсорлық дисплей бар. Артқы қатардағы жолаушылардың жайлылық функцияларын басқару үшін орталық шынтақтаянышқа арнайы панель орнатылған. Мұндай жабдықталу отбасылық сапарларда жолаушылардың жайлылығына жүргізушінің жайлылығымен бірдей мән берілетін жағдайда ерекше маңызды.
- Акустикалық жайлылық: Көлік шанағы мен күштік агрегатының құрылымында шу мен дірілді азайтуға бағытталған 21 инженерлік шешім қарастырылған. Бұл кептелісте де, тасжолда да салон ішіндегі тыныштықты сақтауға көмектеседі. Шу мен діріл деңгейін төмендету күнделікті қала ішінде жүргенде, жүргізуші мен жолаушылар көлікте едәуір уақыт өткізетіндіктен, ерекше маңызды.
Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып

Фото: Allur
Қазақстанда автокөлік ауа температурасының маусымдық айтарлықтай өзгерістеріне, яғни қыстың қатты аязы мен жаздың аптап ыстығына төтеп беруге дайын болуы керек.
Өндірушінің мәліметінше, BAIC X7 сериялық өндіріске шығарылғанға дейін жалпы ұзақтығы 40 000 сағаттан асатын климаттық сынақтардан өткен. Техникалық материалдарда сынақтар −58°C-тан +90°C-қа дейінгі температура аралығында жүргізілгені де көрсетілген.
Қазақстандық сатып алушылар үшін көліктің климаттық жағдайларға төзімділігі практикалық тұрғыдан маңызды. Автокөліктің жабдықтары қыста да, ыстық ауа райында да тұрақты жұмыс істегені күтіледі. Бұл әсіресе ұзақ қашықтыққа жиі қатынайтын жүргізушілер үшін өзекті.
Қозғалтқыш және жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

Фото: Allur
BAIC X7 кроссовері 188 ат күшіне ие, көлемі 1,5 литрлік турбокомпрессорлы қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш қос іліністі 7 сатылы роботтандырылған трансмиссиямен (7DCT) үйлеседі.
Көліктің клиренсі 200 мм-ді құрайды. Бұл көрсеткіш тегіс емес қала жолдарында және қала сыртындағы бағыттарда жүргенде маңызды.
Жинақтамасына байланысты автомобиль ADAS жүргізушіге көмек көрсетуге арналған электрондық жүйелермен жабдықталады. Олардың қатарында:
Адаптивті круиз-бақылау (ACC) — белгіленген жылдамдықты және алда келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты сақтауға көмектеседі.
Қозғалыс жолағында ұстау жүйесі.
Соқыр аймақтарды бақылау жүйесі.
Интеллектуалды автоматты тұраққа қою жүйесі.
Бұл технологиялар әртүрлі жол жағдайларында жүргізушіге көмектесіп, көлікті басқару және маневр жасау кезіндегі жүктемені азайтады.
Үш түрлі жинақтама: күнделікті жайлылықтан кеңейтілген жабдықталуға дейін
Қазақстан нарығында BAIC X7 жабдықтары мен жайлылық функциялары бойынша ерекшеленетін үш жинақтамада ұсынылады.
Comfort — 9 990 000 теңгеден басталады.
Бастапқы жинақтамаға 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, цифрлық басқару панелі, климат-бақылау жүйесі және негізгі қауіпсіздік жүйелері кіреді.
Comfort кең салонды, автоматты трансмиссияны және күнделікті пайдалануға қажетті жабдықтарды бағалайтын сатып алушыларға қолайлы.
Luxury — 10 390 000 теңгеден басталады.
Бұл жинақтама екі түсті өңделген 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен, орындықтарды жылыту функцияларының кеңейтілген жиынтығымен, орындықтарды желдету жүйесімен және ADAS электрондық көмекшілер кешенімен толықтырылған.
Luxury көлікті қала ішінде де, ұзақ сапарларда да тұрақты пайдаланатын әрі ең жоғары жинақтамаға өтпей-ақ қосымша жайлылық функцияларын алғысы келетіндерге қызықты нұсқа бола алады.
Premium — 11 990 000 теңгеден басталады.
Ең жоғары жинақтамада жолаушылардың жайлылығына басымдық берілген.
Оның ерекшеліктеріне екінші қатардағы орындықтарды қоса алғанда, массаж функциясы бар орындықтар, аяққа арналған электрлі тірегі бар Zero Gravity алдыңғы жолаушы орындығы, панорамалық шатыр және интеллектуалды автоматты тұраққа қою жүйесі кіреді.
Жеке танысу арқылы жайлылықты бағалауға болады
BAIC X7 кең салонды, заманауи технологиялық жабдықтарды және көліктегі барлық жолаушының жайлылығына бағытталған шешімдерді ұсынады.
Модельдің ерекшеліктерінің бірі — артқы қатардағы жолаушыларға да көңіл бөлінуі. Жинақтамаға қарай орындықтарды жылыту, желдету және массаж функцияларын пайдалану мүмкіндігі, қосымша кеңістік пен жайлылықты басқаруға арналған жеке элементтер X7 моделін отбасылық сапарлар мен ұзақ жол жүру үшін қызықты нұсқа етеді.
9 990 000 теңгеден басталатын баға сегментінде автомобиль таңдаған сатып алушыларға BAIC X7 жабдықталуы бойынша үш нұсқа ұсынады: күнделікті пайдалануға арналған практикалық базалық нұсқадан бастап, жолаушылардың жайлылығына арналған кеңейтілген функциялары бар жинақтамаға дейін.
Салонның кеңдігін, орындықтарға жайғасу ыңғайлылығын және жабдықтардың жұмысын автокөлікпен жеке танысу барысында бағалауға болады.
Жинақтамалар, қолданыстағы бағалар және сатып алу шарттары туралы толық ақпарат baic.com.kz ресми сайтында жарияланған. Сондай-ақ Қазақстандағы BAIC ресми дилерлік орталықтарында тест-драйвқа жазылуға болады.