Ресейге жұмыс істеуге барып, Украинадағы соғыс аймағына тап болған 13 қазақстандық әскери қызметтен босатылып, елге оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, азаматтардың елге қайтуына енді құқықтық кедергі жоқ. Шекеев сондай-ақ олардың туыстарының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігі қызметкерлеріне және көмектескен азаматтарға алғыс білдіргенін хабарлады.
Бұған дейін қазақстандықтар Ресейге күзет агенттігіне жұмысқа орналасу үшін барғанын, алайда құжаттарға қол қойғаннан кейін соғысқа жіберілетіні айтылғанын мәлімдеген еді.