07 там, 2025 сағат 16:36

Ұлттық ұлан сарбазы жіп пен шегенің көмегімен ұлы ақын Абайдың портретін жасады

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мәди Сәкен ерекше өнер туындысын паш етті, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол данышпан тұлғаның портретін көркем шығармашылықтың бірегей түрі саналатын ниткография (жіппен сурет салу) техникасын қолдану арқылы жасаған.