18 шіл, 2024 сағат 11:01

Тұрсен Алагөзов Өзбекстан әншісі Атхамбек Юлдашевқа көлік сыйлады

Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевке қымбат көлік сыйлады. 

Шымкент сыра зауытының иесі еңбек сіңірген мәдениет қайраткеріне "Cadillac Escalade" маркалы көліктің кілтін табыстады.

"Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін", – деді кәсіпкер Тұрсен Алагөзов. 


Су жаңа көлікке ие болған өзбек әншісі қуанышын жасыра алмай, алғыс жаудыра берді. 

"Көлік маған қатты ұнап тұр. Өте керемет екен. Бір жағынан мінуге қорқып тұрмын", – деді.


Желі қолданушылары Атхамбектің өнерін жоғары бағалап, құтты болсын айтып жатыр.