18 жел, 2025 сағат 12:37

Түркістан облысында көпір опырылды

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміндегі салыстырмалы түрде жаңа көпір Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылында тұрғындардың көз алдында қирап қалды.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Әкімдіктің мәліметінше, қауіп алдын ала анықталып, көлік қозғалысы толық тоқтатылған.

«Ахуал толық бақылауда», - делінген мәлімдемеде.


Тұрғындар үшін уақытша балама жолдар қолданылуда.