Фото: ҚР ТСМ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Президент спортшының отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алуын тарихи маңызы зор жетістік ретінде бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары кәсіби шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы бұл жетістікті барша спорт жанкүйерлері мен ел азаматтары мақтан тұтатынын атап өтті.
Президент шешімімен Олимпиада чемпионы II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сондай-ақ жаттықтырушылар құрамына, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясына және тиісті министрлікке атқарған еңбегі үшін ризашылық білдірілді.
Мемлекет басшысы чемпионға алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.
