Фото: видеодан кадр
Танымал әнші Қайрат Нұртас қайынжұртының тойына қатысып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнер иесі қайынінісінің тойында ән орындап қана қоймай, ақжарма тілегін айтты.
"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ана-әке, бүгінгі көздеріңізден көріп тұрған қуанышқа тоймай тұрмын. Құдай көп көрмесін. Айсұлтан, сен осы отбасындағы ерекше жансың ғой, мен сені қатты жақсы көремін. Бауырым, екеуіңе барлық жақсылықты тілеймін. Биіктен көріне беріңдер, үбірлі-шүбірлі болыңдар. Келген құдалар, төрге шыққандарыңыз құтты болсын. Осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын. Мен екеуіңе "Сені сүйемін" деген әнімді арнағым келіп отыр. Баршаңызды ортаға махаббат вальсіне шақырамын", - деді ол.
