Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақорда" резиденциясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы әнұрандары орындалды.
Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр.
Еске салайық, Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанға 14 қыркүйекте келетіні хабарланған болатын. Қазақстан мен Қытай басшылары жан-жақты қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланғаны айтылды.