06 сәу, 2026 сағат 10:15

Семейде түн тыныштығын бұзған жүргізуші жазаланды

Фото: ІІМ


Семейде түн ортасында тұрғындардың мазасын алған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Полиция департаментінің мәліметінше, 21 жастағы жүргізуші Toyota көлігімен 5 сәуірге қараған түні сағат 02:00 шамасында қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзған.


Аталған дерек бойынша жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жауапқа тартылды. Заңға сәйкес, оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.


Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу деректері ескерусіз қалмайтынын және әрбір құқықбұзушылық заң аясында жазаланатынын ескертті.