11 қыр, 2025 сағат 11:49

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген аңдар көбейіп келеді

Фототұзақтар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарларды тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Экологиялық мониторинг нәтижесіне сәйкес, соңғы жылдары қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Қаратау арқары сияқты аңдардың саны тұрақты түрде артып келеді.

Мамандар мұны ұлттық парк қызметкерлерінің үздіксіз еңбегімен байланыстырады. Орманшылар мен инспекторлар заңсыз аңшылықтың алдын алып, жануарлардың мекен ету ортасын сақтауға және табиғи тепе-теңдікті қорғауға ерекше көңіл бөлуде.