13 мау, 2025 сағат 09:36

"Салтанат" мемлекеттік би ансамблі «Тау ішінде» әніне флешмоб түсірді

ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артистері мен өнерлі жастар әлемге әйгілі әнші, ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ақын Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған, жуырда ғана бейнебаяны жарыққа шыққан «Тау ішінде» әніне флешмоб түсірді, деп хабарлайды Ult.kz.

"ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өскелең ұрпаққа ғажайып өнер арқылы эстетикалық тәрбие беріп, жастардың ұлттық патриоттық сана сезімін қалыптастыру жолында аянбай өнер көрсетіп келеді", - делінген хабарламада.