Фото: видеодан скриншот
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың кенже қызымен түскен видеосы көпті тәнті етті, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнер иесі қызы Рәбиәмен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным!" – деп жазған ол.
Әншінің оқырмандары видеоға тәнті болып, жылы пікірлер жаудырып жатыр.
“Қайратты бөпелерімен, Жұлдызымен қосып, бәрін жақсы көре береміз”, “Алла ғұмырлы етсін, бауы берік болсын”, “Жып-жылы көрініс”, “Рәбиә сұлтанға ұзақ ғұмыр тілейміз”, “Көз тимесін, маған да бұйырсыншы осындай балапан”, “Әкесінің ерке қызы болатыны сөзсіз”, – деп жазған олар.
