04 қыр, 2025 сағат 13:58

Полиция “Қайрат“ - “Реал“ ойынының билетіне қатысты мәлімдеме жасады


Коллаж:planetarealmadrid


Алматы полициясының баспасөз қызметі қазақстандықтарға "Кайрат" пен "Реал" арасындағы Чемпиондар лигасы матчінің жалған билеттері туралы ескертті.


Полиция департаментінің мәлімдеуінше, билеттердің сатылымы мен бағасы әзірге жарияланбаған, ал полиция бұл ойын алаяқтық қаупін арттырды деп есептейді.


"Бұл жеңіс – бәріміздің ортақ қуанышымыз. Бірақ сонымен қатар сіздерге ескертуге міндеттіміз: жалған билеттерге қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті", – деді Алматы ДП киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.



Оның айтуынша, күмәнді сайттарда жалған билеттер сатыла бастаған.


Полицейлер билеттерді қайта сату және заңсыз сатуға тыйым салынғанын ескертті.


"Күмән туындаған жағдайда тек ресми дистрибьютордың кассасына ғана жүгініңіздер", – деп түйіндеді ДП өкілі.



Еске салайық, "Кайрат" – "Реал" ойынына билеттер әлі сатылымға түскен жоқ. Соңғы жылдар тәжірибесіне сүйенсек, олар ойынға кемінде үш апта қалғанда клубтың ресми сайтында пайда болуы мүмкін.