Бір апта бұрын ватсап әлеуметтік желісінде Берсиев округінен табылған ескі құмыра суреті жарияланады. Суретке сәйкес сұрастыру жұмыстары жүргізілген кезде кездейсоқ табылған олжа болып шығады. Бұл олжаның табылған жері - ерте дәуірлерде адамдар тұрақтаған "Қаздыарал" тұрағы.
Табылған құмыраны қарастырып, зерттеуге алып кету мақсатында барлау жұмысы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археолог маманы Аслан Мамедовтің көмегімен ұйымдастырылады. Барлау жұмысы барысында кездейсоқ табылған құмыра басқа жерге қайта көмілгендігі анықталады. Көмілген жерде іздестіру жүргізу барысында ерте кезеңдегі қауымның жерленгендігі анық байқалды.
Археолог Аслан Мамедовтің методикалық көмегімен келесі күні экспедия құрамы жасақталып, "Қаздыарал" тұрағына қазба жұмыстары жүргізіледі. Негізгі қабірі сақталған 3 жердің орны ашылады. Екі қайта көмілген сүйектері бар шұңқырлар қазылды. Нәтижесінде ерте қола дәуірі мен ора ғасыр кезеңіне жататын археологиялық жәдігерлер ашылып, суреттелді.
Ғылыми жағынан табылған заттардың маңыздылығы жоғары. Терең зерттеуді қажет етеді. Осы археологиялық қазба жұмыстарының ұйымдастырылуына атсалысқандар - археолог Аслан Мәлікұлы, ойылдық жас ғылым жанашырлары Мырзағалиев Бекет пен Дәулет Тапашев пен Ойыл аудандық музейінің қызметкері Құлмұханов Медет.
Жоғарыда аталған жағдайлардан кейін Шығанақ Берсиев музейі өзінің алғашқы, ғылыми тұрғыдағы археологиялық қазба жұмысын ұйымдастырды.