Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған Ұлттық домбыра күніне арналған челленджді қолдады, деп хабарлайды Ult.kz.
Филармония эстафетаны Қарағанды облысы Тәттімбет атындағы академиялық Қазақ халық аспаптар оркестріне жолдады.
