19 там, 2020 сағат 09:26

Нидерландта ананас жүгінен құны 75 млн еуролық бір тонна кокаин табылды

Нидерландтық кеденшілер Роттердам портында импортталған ананас салынған контейнерден бір тонна кокаин тапты, деп хабарлайды NOS.

«Есірткі ананас контейнерінде жасырылған, олардың құны – 75 миллион еуро», - делінген хабарламада.

Контейнер өткен сенбіде бельгиялық Антверпеннен келген.

Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.