06 мау, 2025 сағат 13:59

«Метеор ағынына ұқсайды»: Министрлік Астана аспанында белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: видеодан скриншот

Қазақстан аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

«Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді», - делінген министрлік мәлімдемесінде.


Сондай-ақ азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды ескертті. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр.