Фото: amanatpartiasy.kz
Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері Kazakhstan Speedcubing Federation командасымен бірлесіп Астанада ерекше патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Олар Елордадағы Нұржол бульварында үш мыңнан астам Рубик текшелерінен Мемлекеттік Елтаңба бейнесін жасады.
Көлемі 4x3 метрлік панноны құрастыруға үзіліссіз 10 сағат уақыт жұмсалды. Әр текше алдын-ала тексеріліп, түс алгоритміне сәйкес таңдалды. Нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған Елтаңбаның дәлме-дәл, пиксельді бейнесі әзірленді.
