Видеодан скриншот
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеудің көрнекі жерлері Қазақстанның туымен безендірілді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді. Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады. Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
