16 қаз, 2025 сағат 11:38

"Құны 7,5 миллион теңге": Төреғалиге қарындасы қымбат сыйлық тарту етті

Фото: видеодан скриншот

Әнші Төреғали Төреәліні 33 жасын дүркіреп атап өтті. Ағасының туған күніне қарындасы Фариза Төреәлі ерекше сый жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол күйеуімен бірге ағасына Rolex сағатын сыйлаған.

"Аллам осы сыйластығымыздан айырмасын. Игілігіңізге, рахатыңызға, жақсы күндерде тағып жүріңіз. Сіз ең жақсыға лайықсыз! Туған күніне не сыйласақ дегенде осы сағат ойымнан кетпей жүрді. Сөйтсек, ағам да қалап жүрген екен. Қалай сезіп қоямын, иә. Дарханға да ойым ұнап, ниетімізге орай сатылымда бар болды. Бұйырған деген осы", - деп жазды Фарзиа Төреәлі.


Бұл сыйлыққа Төреғали да дән риза болғанын жеткізген.

"Мә, мен Rolex сағат тақтым ғой, ардақты ағайын. Шынымды айтайын ба? Бүгін енді туған күнім ғой. Туған күндегі "потолок" сыйлық  осы болды. Маған қатты ұнағаны.  Ең қатты ұнағаны осы сағат болды.


 

Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл Rolex Datejust 36 моделі. Нарықтағы бағасы 7,5 млн - 8 млн аралығында.