Фото: видеодан скриншот
Португалиялық форвард Сауд Арабиясы чемпионатында «Аль-Наср» сапында «Аль-Халиджге» қарсы өткен матчтың 96-минутында «қайшы» тәсілімен гол соқты, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл соққы жанкүйерлерге оның 2018 жылы Чемпиондар лигасында «Реал» құрамында «Ювентус» қақпасына соққан әйгілі голын еске салды.
Бұл доп Роналдудың карьерасындағы 954-ші голы болды. Енді оған 1000 голдық межеге жету үшін бар болғаны 46 гол қажет.
