04 жел, 2025 сағат 11:12

Катонқарағай ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек құс фототұзаққа түсті

Қазақстанның Қызыл Кітабына енген Алтай ұлары Катонқарағай ұлттық паркінде байқалды. Бұл сирек түр теңіз деңгейінен 2000–3500 метр биіктіктегі тік жартастардың маңын мекендейді, деп хабарлайды Ult.kz.

Мамандардың айтуынша, құстың қауырсыны таудың сұр және қоңыр тастарына мінсіз камуфляж жасап, оны жыртқыштардан қорғайды. Табиғаттың қатал шарттарына бейімделген бұл құс қыстың қақаған аязы мен қалың қарына қарамастан, төменге түспей, биікте қыстайды.

Жоғары биіктікте олар таста өсетін мүктермен және тау өсімдіктерінің тамырларымен қоректенеді.